«Atameken Business» арнасында Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы
>> YOUR LINK HERE: ___ http://youtube.com/watch?v=A4oNMAzl8SE
«Atameken Business» арнасында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 2-қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының шеңберіндегі мәселелер көтерілді. Бұл талқыға Жер ресурстарын басқару комитетінің өкілі ретінде қатысып, өз ойыммен бөлістім. Мемлекет басшысы өз Жолдауында: заңсыз жолмен алынып, пайдаланылмай жатқан жерлерді оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуы керектігін және жерді пайдаланушы адал әрі заң шеңберінде еңбек етсе, оның жұмысына бөгет жасамау қажеттігін қадап айтқан еді. Қандай жағдайларда жерді мемлекетке қайтаруға тиіссіз? Ал қандай сәтте өз құқығыңызды қорғай аласыз? Бұл сауалдардың жауабын тізбектей өтейін👇 - Бір жыл бойы пайдаланбаған жағдайда; - Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық департаменттерінен берілген нұсқаманы орындамаған жағдайда. - Жер пайдаланушысына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жазалау шаралары қолданылса; P.s Жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы мәселенің барлы��ы сот шешімі арқылы және тек заң шеңберінде ғана іске асатынын атап өткім келеді! #жер #земля #recommendations #рек • жер,земля,recommendations,рек
#############################
