СҮЙІНШІ Американдық әскери техника Қазақстанда шығарылады армия military казахстан қазақстан











>> YOUR LINK HERE: ___ http://youtube.com/watch?v=P7HO6RChGjg

#армия #military #казахстан #қазақстан • Бәрімізге белгілі Қазақстан Парамаунт Инжиниринг кәсіпорны келесі жылы Барыс 2 8х8 сауытты тасымалдағышын жасап шығаратынын жариялады. Ақсұңқар арнасын бұрыннан көріп келе жатқан көрермендер, Ақсұңқар арнасының Қазақстан Парамаунт Инжиниринг кәсіпорынына қатысты позициясы сыни тұрғыда екендігін анық біледі. Тіпті көптеген көрермендеріміз арнаны ҚПИдің нарықтағы қарсыласы Түркиялық Отокар компаниясына сатылып кеткен деп тон пішіпте қойған. Қасқырдың аузы жесе де қан жемесе де қан дегендей, мен өзімді ақтасам да ақтамасам да тап осылай ойлайтын адамдар әрқашан болады екен. Осы уақытқа дейін ғаламторда бірнеше жүздеген қолданушылармен қырықпышақ болғаннан соң бәрінің аузына қақпақ болу мүмкін емес екенін түсіндім. Ит үреді керуен көшеді деп өткен жылдың соңынан бері бұл тақырыпты айналып өтіп, әскеріміздегі одан да маңызды бағыттарды (артиллерия, әуе қорғанысы секілді) талқылап, контент жасауды жалғастырдым. Сонымен не керек соңғы айда телеграммдағы жазылушылардың бірінен Айбек Барысовтың Барыс 2 8х8 жайындағы бейнеролигі қолыма түсті. Осы уақытқа дейін ҚПИдің продукциясының басым бөлігі Оңтүстік Африкалық Парамаунт компаниясының лицензиялық вариациялары болатын. Иә Израильдік Пласан Сандкат франшизасының негізінде Отандық Алан-2де шықты. Бірақ түптеп келгенде ҚПИдегі продукциялардың көпшілігі Арлан, Барыс 6х6, Барыс 8х8 әлемдік нарықта жақсы жетістікке жетпеген Оңтүстік Африкалық Мародер мен Мбомбе сериясындағы көліктердің Қазақи нұсқалары болды. Бірақ Барыс 2 8х8дің табиғаты, шығу тегі бөлек. Осы фактор ұзақ уақытқа созылған үзілістен соң, бүгінгі бейнероликті шығаруға арқау болды. Сонымен бастайық.

#############################












Content Report
Youtor.org / YTube video Downloader © 2025

created by www.youtor.org