Жетіқарақшы Темірқазық Айдаһар және Кассиопея Шоқжұлдызды тап Балаларға арналған астрономия











>> YOUR LINK HERE: ___ http://youtube.com/watch?v=Wh5GhkHxPy0

Біз бүгін Қазақстан аспанында жыл бойы көрінетін төрт солтүстік шоқжұлдызбен танысамыз. • Алдымен бәрімізге таныс Жетіқарақшының үлкен ожауын тауып алайық. Жарық жеті жұлдыздан тұратын бұл астеризм Үлкен Аю шоқжұлдызы құрамында. Ол көктемде дәл төбеден көрінеді. • Ожаудың шеткі екі жұлдызы Мерак пен Дубхені қосатын кесіндіні бес есе созсақ, Темірқазықты табамыз. Кіші Аю шоқжұлдызының ең жарық жұлдызы Темірқазық – Кішіқарақшының, немесе кіші ожаудың сабының ұшы. • Темірқазық дәл Солтүстік полюс үстінде тұрғандықтан, аспанға қағып қойған қазықтай, орнынан жылжымайды. Ал аспандағы барлық басқа жұлдыздар, кіші ожаудың шеткі жұлдыздары Ақбозат пен Көкбозат секілді, оны айналумен болады. Темірқазық әрқашан солтүстікке нұсқайтындықтан, Солтүстік жұлдыз, немесе Поляр жұлдызы деп те аталады. • Үлкен және кіші ожаулардың арасында Айдаһар шоқжұлдызы созылып жатыр. Қисық ромбқа ұқсас Айдаһардың басы Вега мен Кішіқарақшының ортасында. • Көру қабілеті жақсы адамдар Жетіқарақшының сабындағы екінші жұлдыз – Мицардың қасынан әлсіз жұлдыз Алькорды байқай алады. Мицар мен Темірқазықты қосатын сызықты екі есе созсақ, W әрпіне ұқсас астеризмді көреміз. Бұл – Кассиопея шоқжұлдызы. • Қазақ халқында Жетіқарақшы мен Темірқазыққа қатысты екі ертегі бар. • Біріншісі: Тәңірі өз аттарын Темірқазыққа байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз — сол Ақбозат пен Көкбозат. Темірқазыққа арқандалған тұлпарларды ұрлау үшін жеті қарақшы жылқыны торуылдап, жайылған жылқының соңынан қуалап баспалап айналып жүреді. Бірақ әр күні таң атып кетіп, олар қапы қалып отырады. • Екіншісі: Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде ағайынды жеті жігіт өмір сүріпті.Өздерінің ауызбіршілігі мықты, күшті, сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар Жетіқарақшы атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркерліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Қуып жеткенде олардың қырғын соғысынан ақырзаман болады дейді, аңыз. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың бастығы, жанында көмескіленіп тұрғаны сол Үлпілдек ару екен. Шын мәнінде зер салып байқап қарасақ, Жетіқарақшының сабы жағынан қарасыңыз екінші жұлдыздың түбінен әлсіз жарықты жұлдызды көресіз. Одан соң аспан әлемінің екеуі екі қарама қарсы тұсынан туса да таң бозарғанда бір-біріне өте жақындап қалады. • Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Жетіқар... • Image Credit: DSS Consortium, SDSS, NASA/ESA, In-The-Sky.org. • Music: Gunnar Olsen – Pump • Дайындаған Физика және Ғарыш арнасы, 2019 • Мәтінді оқыған Арайлым Ержанқызы • Интро: Нұрмұхаммет Тұрмахан • ҚАТЫСТЫ ВИДЕОЛАР • Орион шоқжұлдызы көмегімен жарық жұлдыздарды табу:    • Орион шоқжұлдызы көмегімен жарық жұлд...   • Жетіқарақшы, Темірқазық, Айдаһар және Кассиопея:    • Жетіқарақшы, Темірқазық, Айдаһар және...   • Мицар мен Алькор — Жетіқарақшыдағы қосар жұлдыз:    • Мицар мен Алькор — Жетіқарақшыдағы қо...   • Темірқазық (Поляр жұлдызы) — солтүстікке нұсқайтын жұлдыз:    • Темірқазық (Поляр жұлдызы) — солтүсті...  

#############################












Content Report
Youtor.org / YTube video Downloader © 2025

created by www.youtor.org